12
сентябрь
2024
«ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ- ҰЛТ ТӘРБИЕСІ»
√134 жалпы орта білім беретін
мектепте 7-8-9-10-11сынып қыздарына
«ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ - ҰЛТ ТӘРБИЕСІ» тақырыбында қыздар жиналысы өтілді.
Қаралатын мәселелер
1.Қыздар төрайымын сайлау
2. Нашақорлықтың алдын алу
3. Әртүрлі мәселелер
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ж.С. Жаштаева және Л.О. Садибекова қыздардың тәртібі,қозғалысы, мектептің ішкі тәртіп ережелері, мектеп формасы туралы айтылды. Қыздарды тәртіптілікке шақыруда әр сыныпта қыздар төрайымын сайлау болды. Сол жерде әр сыныптың қыздары келісе отырып, сыныптың қыздар төрайымы етіп өздері таңдаған қызды сайлады. Оқушы қыздар мектеп формасын сақтауды, бір -біріне сыпайы болуды қолға алу тапсырылды. Нашақорлық–жеке тұлғаның толық бұзылуы.Нашақорлыққа көбінесе мектеп оқушы қыздары шалдығады. Есірткі тұтынатын жасөспірімдер мен жастар өздерін қоғамға және Заңға қарсы қояды, олардың болашағы жоқ.Қазір ересектердің ермегіне айналған электронды темекіге оқушылар да әуестеніп барады.Соның ішінде қыздар. Мұндай темекіні балалар дүкеннен еш кедергісіз сатып алады. –Және қазіргі таңда қыздардың арасында электронды темекі шегу көптеген жұрт алдында абыройлы болуға, зиянды әрекеттерге еліктеудің,қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратыны жөнінде ескертіліп түсіндіріліп, айтты. Жеке бас гигиенасы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

