06
октябрь
2023
"ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ!"
"ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ!"
Құрметті әріптестер, менің қадірлі ұстаздарым!
Ұстаз болу- жүректің батырлығы.
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы.
Азбайтұғын адамның ақындығы - деп ақын Ғафу Қайырбеков жырлағандай сөзі маржан, үні әуен ұстаздардың кәсіби мерекесі "Ұстаздар күні" 2023 жылдың бастап ресми түрде 5 қазан болып бекітілді.
Білім көшін жылжытып келе жатқан барша ұстаздар қауымын кәсіби мерекемізбен шын жүректен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін.
Ғажайып дүние сырын ұқтырып, білім берген, үлкен өмірге ақ жол тілеп аттандырған Ұстаздарымызға мәңгі тағзым.





