28
декабрь
2021
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша тиімді оқыту және оқу тәсілдері
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде 14.12.2021ж. күні жас мамандарға арналған "Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша тиімді оқыту және оқу тәсілдері" тақырыбында тәлімгер мұғалімдердің мектепішілік семинары болып өтті.
Семинардың мақсаты: Сабақты дұрыс жоспарлауда, оқытудың тиімді, оңтайлы әдістерін таңдауда жас педагогтарға әдістемелік көмек көрсету. Оқытуда бүгінгі заманның талабына сай жас мамандардың ғылыми әдістемелік және шығармашылық ізденісін жетілдіру, кәсіби шеберлігін арттыру, озат тәжірибе алмасу, іс-тәжірибемен бөлісу және тарату.
Қуанышова Ақмарал апайымыз 3"А"- сыныбымен қазақ тілі пәнінен "Түбір мен қосымшаның жазылуы" тақырыбында
Игамназарова Дилдора апайымыз 9"Ә"- сыныбымен ағылшын тілі пәнінен "The Borgen project" тақырыбында
Атаходжаева Шойра апайымыз 8"А"- сыныбымен геометрия пәнінен "Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу" тақырыбында
Темирбекова Назима апайымыз 6"Ә"- сыныбымен информатика пәнінен "3D баспасы" тақырыбында
Пазылов Қуаныш ағайымыз 10"Ә"- сыныбымен алғашқы әскери дайындық пәнінен "Сап және оның элементтері. Саптық тұрыс" тақырыптарында сабақтар өтті.













