15
сентябрь
2022
1-сыныпқа қабылданған оқушылардың мектепте оқуға психологиялық даярлығы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты № 134 жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологы Г.С.Бишаева 2022-2023 оқу жылында 1-сыныпқа қабылданған оқушылардың мектепте оқуға психологиялық даярлығы мен бейімділігін анықтау мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бірінші сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімділік деңгейін зерттеу екі кезеңнен тұрады. 1-ші кезеңде топтық жұмыс сыныппен жүргізілді. 2-ші кезеңде жеке диагностикалық жұмыстар жүргізілді.





