12
февраль
2021
Күйзеліс деңгейін анықтау
10.02.2021ж. мектептің 9-11 сынып оқушыларынан қобалжу деңгейін анықтау мақсатында «Күйзеліс деңгейін анықтау» тесті алынды. Оқушыларының әлеуметтік -психологиялық жағдайын жақсарту, агрессия мен мазасыздық сезімдерін болдырмау мақсатында «Жағымды көңіл – күй сыйлау!», «Біз өзімізге сенімдіміз!» жаттығулары жүргізілді. Жалпы психологиялық күйзеліс рухы әлсіз адамдарда жиі кездеседі. Рухтың әлсіреуі неден? Егер адам жастайынан шыңдалмаса сол бала рух әлсіреуіне бейім болады. Адам жастайынан дене еңбегімен көп айналысса (қара жұмыс, спорт түрлерімен), бұл адамда төзімділік, табиғи күшінің өсуі процесі байқалады. Бұл процесс психологиялық жағынан шыңдалуға апаратын баспалдақ. Яғни төзімділік – психологиялық табандылыққа, табиғи күшінің өсуі – өзіне деген сенімділікке апарады.








