21
апрель
2026
«Балалар жазушыларымен танысу» белгілі балалар жазушылары туралы танымдық сағаты.
«Балалар жазушыларымен танысу» белгілі балалар жазушылары
туралы танымдық сағаты.
№134 жалпы орта білім беретін мектепте «Балалар жазушыларымен танысу» белгілі балалар жазушылары туралы танымдық сағаты өтті.
Мақсаты: оқушыларды белгілі балалар жазушыларымен таныстыру, олардың шығармалары арқылы кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру және әдеби талғамын қалыптастыру.
«Балалар жазушыларымен танысу» белгілі балалар жазушылары туралы танымдық сағатында бастауыш сынып жетекшілері оқушыларды белгілі балалар жазушыларымен таныстырып, олардың шығармашылығын, әдеби ерекшеліктерін және шығармалардағы маңызды ойларды түсіндіруге арналған сабағы ұйымдастырылды.
Оқушылар балалар жазушыларының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат алды.
Қазақ балалар жазушылары Бердібек Соқпақбаев, Ыбырай Алтынсарин, Мұзафар Әлімбаев және әлем балалар әдебиеті өкілдері Ханс Кристиан Андерсен, Астрид Линдгрен, Джанни Родаридің кітаптарымен танысты.
Танымдық сағат барысында балалар авторлардың өмірбаянымен, шығармаларымен танысып, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырды және оқуға ынтасын қалыптастырды.
«Балалар жазушыларымен танысу» танымдық сағаты оқушыларды кітап әлеміне жетелеп, олардың рухани дамуына ықпал етеді. Жазушылар шығармалары арқылы балалар жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиеленеді.
