17
март
2026
«Кітап бетбелгілері емес» және «Хулиганка» қысқаметражды деректі фильмдерінің пилоттық көрсетілімі 9–11 сынып оқушыларына ұйымдастырылды.
17 наурыз 2026ж күні №134 жалпы орта білім беретін мектебінде «Кітап бетбелгілері емес» және «Хулиганка» қысқаметражды деректі фильмдерінің пилоттық көрсетілімі 9–11 сынып оқушыларына ұйымдастырылды.
Көрсетілімнің мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және оқушыларға тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру. Осындай тәрбиелік мәні бар фильмдер арқылы оқушылар қоғамдағы өз әрекеттерінің салдарын түсініп, дұрыс шешім қабылдауға бағыт алады.
Көрсетілім соңында оқушылармен пікір алмасу жүргізіліп, фильм мазмұны бойынша ой-пікірлер айтылды. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.



