22
январь
2026
ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ- ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ !
ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ- ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ !
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2025-2026 оқу жылының Шымкент қалалық ІІД-ның Еңбекші ПБ ЖПҚБ-нің ЮПТ УПИ-мен бірлескен тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде 2026 жылдың 22 қаңтар күні «Жасөспірімдер арасында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу», "Интернет алаяқтықтан қорғарудың жолдары қандай?" тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге, Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ҚҚБ ЮПТ УПИ полиция капитаны Сапарбек Бекарыс Қозыбайұлы,Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ КПБ жедел уәкілі полиция капитаны Мамутов Қазыбек , Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ҚҚБ ЮПТ УПИ полиция капитаны Сағынбек Бейбарыс, мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен 7-11 сынып оқушылары қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың бойына адалдық, әділдік, жауапкершілік, заңға құрмет секілді маңызды құндылықтарды сіңіру, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және саналы, отансүйгіш азамат қалыптастыру.



