13
февраль
2026
«Закладчики, Мать» атты деректі фильм көрсетілді.
8–10 сынып оқушыларына мектеп әкімшілігі, педагогтар және педагог-психологтың қатысуымен құқықбұзушылықтың алдын алу, нашақорлыққа жол бермеу және зиянды әдеттердің салдарын түсіндіру мақсатында «Закладчики, Мать» атты деректі фильм көрсетілді.
Көрсетілім барысында оқушыларға есірткі заттарының адам өміріне, денсаулығына, болашағына тигізетін зияны, сондай-ақ заң алдындағы жауапкершілік туралы нақты мысалдар арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Фильмнен кейін педагог-психолог оқушылармен ашық әңгіме өткізіп, қауіпті жағдайлардан сақтану жолдары, дұрыс таңдау жасау, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы туралы кеңестер берді.
Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу және өмірлік құндылықтарды дұрыс бағытта қалыптастыру. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар нақты жауап беріп, түсіндіру жұмыстарын жалғастырды.




