06
март
2026
«Ырыс алды ынтымақ», «Ұлт аралық татулық», «Құқықтық тәртіп», «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізу,
05.03.2026ж күні «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылыққа, нашақорлыққа, суицидке жол бермеу, қыздар арасындағы ерте жүктіліктің, адам саудасы, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мен кереғар діни ағымдар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәсілдері және «Ырыс алды ынтымақ», «Ұлт аралық татулық», «Құқықтық тәртіп», «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жасөспірімдердің спортқа, өнерге, мәдениетке қызығушылығын арттыру мақсатында мамандармен, өнер, мәдениет майталмандарымен 7-11 сынып оқушыларымен профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылып өткізілді.
Жиынға Шымкент қаласы психикалық денсаулық орталығы кардиолог дәрігері Елшібекқызы Ақерке, дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ теолог маманы Тұрғұнбай Дархан, Еңбекші ауданы әкімі аппараты Сұлтан Азамат, мектеп инспекторы Сапарбек Бекарыс, Шымкент қаласының ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубы КММ психолог Саттаркулова Маржан, заңгер Нұржігітұлы Айбек, үздік спортшы Молжигитов Құрқанат қатысты.

