04
апрель
2024
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылыққа, нашақорлыққа, суицидке жол бермеу
№134 жалпы орта білім беретін мектебінде 4.04.2024 күні «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылыққа, нашақорлыққа, суицидке жол бермеу, қыздар арасындағы ерте жүктіліктің, адам саудасы, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мен кереғар діни ағымдар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәсілдері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу ,жасөспірімдердің спортқа ,өнерге, мәдениетке қызығушылығын арттыру мақсатында спорт шеберлерімен, өнер, мәдениет майталмандарымен 8-11 сынып оқушыларының арасында кездесу болып өтті. Кездесуге Шымкент қаласы Еңбекші аудан әкімі аппаратының бас маманы Ирисбекова Роза Махамадазимовна, Шымкент қаласы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу» орталығының теолог маманы Садык Диана Нұржанқызы, Қалалық психикалық оңалту орталығының дәрігері, психиатр- нарколог Ермаханова Перизат Умирзаковна, Шымкент қаласы № 14 спорт мектебінің әдіскері Шкарупа Григорий Иванович, Мектеп инспекторы полиция капитаны Е.Н. Утегенов , мектеп директоры А.Б.Касжанов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Елубаев, Ж.Жаштаева, 8 -11 сынып жетекшілер, оқушылар қатысты.







