Жер сілкінісінің алдын алу » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жер сілкінісінің алдын алу
04
апрель
2023
0

Жер сілкінісінің алдын алу

Құрметті желі қолданушылары!
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті алғашқы жер асты дүмпулері кезіндегі іс-қимылдардың негізгі ережелерін назарларыңызға ұсынады.
Жер сілкінісінің алғашқы дүмпуі кезінде 
Газды, су мен электр қуатын сөндіріңіз. Егер жер сілкінісінің күші аз болса, онда оны тұрған жеріңізде күткен абзал. Одан едәуір күштірек жер сілкінісі кезінде (дүмпу күші бес және одан да жоғары баллды құраса), егер сіз ғимараттың екінші және одан жоғарғы қабаттарында болсаңыз, ғимараттан шығыңыз. Ішкі қабырғаның, бұрыштың, есік жақтауының қауіпсіз жеріне тұрыңыз, ваннаға жата қалыңыз. Кереуеттің немесе стөлдің астына кіріңіз - олар сізді құлауы мүмкін заттардан және сынықтардан қорғайды. Терезе мен ауыр жиһаздан алыс тұрыңыз. Лифтіні пайдаланбаңыз.
Егер сіз көшеде болсаңыз, ғимараттар мен электр беруші желіден ашық алаңға қарай алыстаңыз, үзілген электр сымдарына жақындамаңыз. Ғимарат жанынан жүгірмеңіз және оларға кірмеңіз.
Егер сіз автомобильде болсаңыз, дүмпулер тоқтағанға дейін автомобильден шықпай ашық алаңда қала беріңіз.
Есте сақтаңыз: жер сілкінісі кезінде адам өлімінің сирек кездесетін себебі болып жер қабатының қозғалысы табылады. Жер сілкінісі кезіндегі қайғылы оқиғалардың басты себептері болып табылатындар:
            • ғимараттың жекелеген бөліктерінің сынуы
            • сынған шынылардың құлауы
            • үзілген электр сымдары
            • пәтердегі ауыр заттардың құлауы
            • өрт
Жер сілкінісінен кейін:
Қажет жандарға медициналық көмек көрсетіңіз.
Қатерге шалдыққандарды қоқыстан арылтыңыз, егер ол үшін қосымша жасақтауды талап етпесе.
Радиоқабылдағышты қосыңыз.
Мүмкіндігіңізше су құбыры мен газды тоқтатыңыз және энергия жабдықтаушыны сөндіріңіз.
Ашық отты пайдаланбаңыз.

[video=]




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив