06
сентябрь
2022
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Іс-қимыл агенттігінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет» Шымкент қаласы бойынша департаментінің 2022 жылдың 18 тамыздағы №1-3/3556 хатына сәйкес №134 жалпы орта білім беретін мектебінде Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында құқықтық тәрбие жұмыстары жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір - біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай - қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде - бір мемлекеті, бірде - бір саяси жүйе, бірде - бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек.
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!



