02
февраль
2022
“Мектептегі буллингке жол жоқ” тақырыбындағы семинар
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінің мектеп парламенті және оның мүшелері 02.02.2022ж күні 17:00-де ұйымдастырылып, өткізілген республикалық “Мектептегі буллингке жол жоқ” тақырыбындағы семинарға қатысты.
Семинар СҚО Петропавл қаласы С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның педогог-психологы Каршалова Асель Сарваровнаның жүргізуімен өтті. Республикалық семинарға қатысушы мектеп парламенті мен оның мүшелері жиында буллингтің түрлері, оларға қарсы әрекеттер және алдын алу жолдары туралы ақпараттармен танысты. Қатысушылар "Әрбір адам буллингті басынан кешуі керек пе?" деген сұрақ төңірегінде талқылау жұмыстарын жүргізді. Мектеп парламентінің мүшелеріне буллингке тап болған балаға қандай қолдау көрсету керек екендігі түсіндірілді. Семинарға қатысушылар көптеген ақпараттар мен мәліметтер ала алды.





