13
ноябрь
2021
Сыр-сұхбат
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде "Бәйшешек" кітабының авторы, жазушы Жәмила Бахтиярқызымен кездесу кеші болып өтті.
"Сыр-сұхбат" кешінің мақсаты - оқушыларымызды жерлес жазушыларымыздың шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу.
Сұхбат барысында Жәмила Бахтиярқызы өмір жолын, шығармашылығын баяндап берді. Мектебіміздегі Жас ақындар клубының мүшелері жазушымызға арнап шығарған шығармашылық туындыларын айтып, өз өнерлерін көрсетті.