25
сентябрь
2021
Салауатты өмір - нұрлы болашақ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде "Салауатты өмір - нұрлы болашақ" тақырыбында футбол және волейбол алаңдарының ашылу салтаны болып өтті.
Спортпен шұғылданған адамның денсаулығы әрқашан мықты. Мектебімізде "Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру" бағыты бойынша оқушылардың бойында салауаттылықты қалыптастыру мақсатында түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылуда. Олар: футбол, баскетбол, волейбол, бокс, тхэквондо, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі.
Салауатты өмір салтын сақтаймыз,
Жаттығудан ешқашан да қашпаймыз, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!








