10
апрель
2026
10.04.2026 жылы ағылшын тілі апталығы аясында 5–6 сынып оқушылары арасында “Level Up Your English” тақырыбында кроссворд сайысы өткізілді.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде 10.04.2026 жылы ағылшын тілі апталығы аясында 5–6 сынып оқушылары арасында “Level Up Your English” тақырыбында кроссворд сайысы өткізілді. Сайыс барысында оқушылар ағылшын тілі бойынша сөздік қорларын пайдаланып, түрлі қызықты кроссворд тапсырмаларын орындады. Оқушылар тапқырлықтарын, жылдамдықтарын және білім деңгейлерін көрсетіп, белсенділік танытты.
Мақсаты:
Оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын молайту, сауатты жазу дағдыларын дамыту және логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру. Сонымен қатар, оқушыларды тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу және білімдерін ойын арқылы бекіту.



