07
апрель
2026
07.04.2026 жылы ағылшын тілі апталығы аясында “Smart Minds” атты зияткерлік олимпиадасы өткізілді.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде 07.04.2026 жылы ағылшын тілі апталығы аясында “Smart Minds” атты зияткерлік олимпиадасы өткізілді. Олимпиада барысында оқушылар ағылшын тілі пәні бойынша өз білімдерін сынап, логикалық тапсырмалар орындап, тілдік сауаттылықтары мен жылдам ойлау қабілеттерін көрсетті. Сайыс тартысты әрі қызықты өтіп, оқушылар белсенділік танытты.
Мақсаты:
Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру, білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту және өз білімін еркін қолдана білуге дағдыландыру. Сонымен қатар, дарынды оқушыларды анықтап, олардың зияткерлік қабілеттерін шыңдау.


