13
апрель
2026
13.04.2026 жылы ағылшын тілі апталығы аясында 5 «В» сыныбында “Sports in Kazakhstan” тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде 13.04.2026 жылы ағылшын тілі апталығы аясында 5 «В» сыныбында ағылшын тілі пәні мұғалімі Тұрсын Айжанның ұйымдастыруымен “Sports in Kazakhstan” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар Қазақстандағы спорт түрлері, танымал спортшылар және салауатты өмір салты туралы ағылшын тілінде мәліметтермен танысып, түрлі тапсырмалар орындады. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетті.
Мақсаты:
Оқушылардың ағылшын тіліндегі сөздік қорын кеңейту, спорт тақырыбы бойынша жаңа сөздерді меңгерту, сөйлеу және тыңдалым дағдыларын дамыту. Сонымен қатар, оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, спортқа қызығушылықтарын арттыруға және өз ойын ағылшын тілінде еркін жеткізуге баулу.



