08
декабрь
2025
«Білім кілті - кітапта» кітап жәрменкесі.
«Білім кілті - кітапта» кітап жәрменкесі.
№134жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында «Білім кілті - кітапта» тақырыбында көркем әдебиетін, ақын-жазушылардың көркем туындыларын кеңінен насихаттау мақсатында кітап жәрменкесі өтті.
Мақсаты: Көркем шығармалармен оқырмандарды таныстырып, кітап оқуға баулу, мәдени және оқу құзіреттілігін дамыту.
Көрмеге тарихи және көркем әдеби кітаптар, балалардың ой-өрісін
дамытатын түрлі-түсті суреттермен безендірілген кітапшалар, балаларды
адамгершілікке, Отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа баулитын өлең- тақпақтар,
ертегілер, әңгімелер, балалардың тілін дамытатын жұмбақ- жаңылтпаштар, әртүрлі
ойындар берілген кітапшалар мен танымдық әдебиеттер қойылды.
Кітап-ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ. Кітап-ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап-ақылдың кені. Кітап-бар білімнің бастауы. Кітап-барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы.

