ЕРТЕ ЖҮКТІЛІК, ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІ » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЕРТЕ ЖҮКТІЛІК, ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІ
09
апрель
2025
0

ЕРТЕ ЖҮКТІЛІК, ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІ

ЕРТЕ ЖҮКТІЛІК, ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІ 
         №134 жалпы орта білім беретін мектебі» 2025 жылдың  9-сәуір күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Садибекова Лазаттың  ұйымдастыруымен  8-11 сынып қыздарының қатысуымен  Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, суицидке жол бермеу, зорлық-зомбылықтың алдын алу, әлімжеттік, буллинг, кибербуллингтің алдын алу мақсатында қыздар жиналысы болып өтілді. Жиын барысында көкейлерінде жүрген сұрақтарымен бөлісіп, жауап алынды.
        Жиналысқа  Дария-Медикус орталығының мамандары педагог-психолог Умарова Айша Қайратқызы, әлеуметтік педагог Ирисметова Регина Равшановна,  мектеп медбикесі Смағұл Таңсұлуханым Мұхитқызы қатысты. Психолог Умарова Айша сөз алып, «Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктілік немен қауіпті?, - деген сауал төңірегінде ой қозғап, 8-11 сынып қыздарымен пікір алмасты. Қыздың тәрбиесі жөнінде бейнеролик көрсетіліп, қыздар өздеріне жақсы әсер алды. 
     «Қыз өссе елдің көркі», «Қыз тәрбиелесеңіз - тұтас ұрпақты тәрбиелегеніңіз» деген аталы сөздер тегін айтылмаса керекті. Өйткені, қыз бала-өміріміздің арқауы болатын болашақ ұрпағымыздың анасы. Сондықтан қыздарымыздың бойына ұлттық тәрбиені, имандылық қасиеттерді молынан сіңіре білсек, қазағымыздың әдет-ғұрпын жақсы білетін, ата-анасының  абырой-атағына көлеңке түсірмейтін ибалы да инабатты бойжеткендерді тәрбиелей білген болар едік!
 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив