25
август
2023
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ:
ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖОСПАРЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде 25.08.2023ж күні “Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары“ тақырыбында сынып жетекшілерге арналған мектепішілік семинар өтті.
2023-2024 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша сынып жетекшілердің кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында өткізілген семинарда ұстаздар тәрбие құндылықтарының моделімен таныстырылды. Сонымен қатар тәрбие құндылықтарын сынып сағаттары арқылы жүзеге асыру: жоспарлауды, құндылықтар негізінде тәрбие жұмысының жылдық жоспарын әзірлеуді үйренді.
Семинар соңында сынып жетекшілері кері байланыс жасады.



