13
октябрь
2023
"Білім беру ұйымдарында ата- аналарды педагогикалық қолдау "
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебі "2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасы орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы" әдістемелік нұсқау хат негізінде мектептің ата- аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылын нығайту, ата-аналарды педагогикалық қолдау мақсатында Орталық құруды биылғы оқу жылында басты назарға алды.
Осы бағытта Орталықтың қызметін ұйымдастыру, жүйелі жұмыс жүргізу үшін "Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты" ҚеАҚ Ғылыми- әдістемелік Кеңесінің 2023 жылғы 15 тамыздағы №4 хаттамасымен бекітілген "Орта білім беру ұйымдарында балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша әдістемелік ұстанымдар" мен "Білім беру ұйымдарында ата- аналарды педагогикалық қолдау бойынша нұсқаулықты" басшылыққа алып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жаштаева Жанар Сапаровна сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерін ата-аналармен жүйелі қызметін ұйымдастырудың қадамдарымен таныстырды.





