26
декабрь
2022
«Қош келдің, Жаңа жыл!»
26.12.2022ж күні «Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбында жаңа жыл мерекелік іс-шара жоспары жасалынып, бекітілді.
Жаңа жылдық шыршаны безендіру; Шырша орнату кезінде қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, безендірілді. Басқаларға қауіп төнетін және төтенше жағдай туғызатын әркеттерге жол бермеу мақсатында оқушыларға және сынып жетекшілерге мектеп ғимаратына 30 метрден жақын жерде сондай-ақ тұрғын үйлердің, жарылғыш заттардың жанында, аласа қоршаулар мен ағаштар астында «отшашуларды» сонымен қатар пиротехникалық заттарды қалтада ұстамау керек екендігі ескертіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
- тұтану кезінде фитильді қалтада ұстауға;
- қатты желде протехнилық құралдарды қолдануға;
- адамдарға зымырандар мен отшашуларды бағыттауға;
- адамдардың аяқтарына петарда лақтыруға;
- жанып тұрған отшашулардың үстінен үңіліп қарауға;
- жанып тұрған пиротехникалық заттардан 15 метрден жақынырақ болмау керек екендігі туралы ескертілді.
27.12.2022ж күні «Төрлет, төрлет Жаңа жыл!» тақырыбында 1-11сынып оқушылары аралығында қабырға газеттері шығарылып, қабырғаларға ілінді, мерекелік кештер өтілді.



[video=]