28
ноябрь
2022
М.Әуезовтың "Абай жолы кітабының l томы бойынша байқау өткізді
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні бірлестігі М.Әуезовтың "Абай жолы кітабының l томы бойынша байқау өткізді. М.Әуезовтың "Абай жолы" роман эпопеясын толық меңгеру арқылы кемеңгердің ақындық болмысына үңілуге, Абайдың шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға бағыттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін мектебіміздегі дарынды оқушыларды анықтау мақсатында 6-11 сыныптар арасында байқау әр тоқсан сайын өткізіліп отырады.