«Ғажайып ертегілер әлемі» ертегі әлеміне саяхат.
«Ғажайып ертегілер әлемі» ертегі әлеміне саяхат. «2 сәуір-Халықаралық балалар кітабы» күніне орай «Кітап ғажайып әлем» апталығы аясында №134 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасына бастауыш сынып оқушылары «Ғажайып ертегілер әлемі» ертегі әлеміне саяхат жасады. Мақсаты: ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту, ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.