19
октябрь
2024
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 17.10.2024 ж күні «Салауатты тамақтану әдеттерін қалыптастыру» тақырыбында 2 "А " сынып жетекшісі А.Қуанышова ата аналармен тренинг- сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: балалардың салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі ретінде ата-аналардың тамақтану мәдениетін қалыптастыру Сабақтың міндеттері:
балалардың физикалық және психикалық дамуындағы дұрыс тамақтанудың маңыздылығын ашу; дұрыс тамақтанбауға байланысты әртүрлі аурулар және олардың салдары туралы түсініктерді кеңейту;
дұрыс тамақтану негіздерін қалыптастыруға үйрету (әртүрлілік, модерация және тепе-теңдік); отбасында дұрыс тамақтану үшін қолдау ортасын құру бойынша практикалық кеңестер әзірлеу.



