01
октябрь
2024
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 30.09.2024 ж күні « Жасөспірімнің ұйқысы және психикалық денсаулығы» тақырыбында 10 "Ә " сынып жетекшісі Қ.Сапанова ата-аналармен тренинг- сабақ өткізіді.
Сабақтың мақсаты: жасөспірімнің психикалық денсаулығын сақтау факторы ретінде ата- аналардың ұйқыға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
1) Ата-аналарды жасөспірімнің ұйқыға қатысты пайдалы әдеттерін дамытуға ынталандыру.
2) Ата-аналардың ұйқының жасөспірімдердің психологиялық және эмоционалдық жағдайына әсері туралы түсініктерін кеңейту.
3) Балаларына ұйқы сапасын жақсартуға көмектесу үшін практикалық дағдыларды дамыту.
Тұлғаның ұлттық құндылықтары мен қасиеттері: әділеттілік және жауапкершілік.




