19
октябрь
2024
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 16.10.2024 ж күні «Бүкіл отбасы үшін пайдалы рацион» тақырыбында 6 "Ә " сынып жетекшісі Б.Жунусова ата- аналармен тренинг- сабақ өткізіді.
Сабақтың мақсаты: Баланың салауатты өмір салтының шарты ретінде ата-аналардың теңдестірілген тамақтану мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.
Міндеттері:
• ата-аналардың дұрыс тамақтануды отбасылық дәстүрге айналдыруға деген ұмтылысын тәрбиелеу;
• рационның баланың денсаулығы мен әл-ауқатына әсері туралы ата- аналардың түсініктерін кеңейту;
• ата-аналардың отбасында дұрыс тамақтануды ұйымдастыру дағдыларын игеруіне ықпал ету.
Құндылықтар мен жеке қасиеттер: ауызбіршілік пен татулық.



