22
август
2024
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА❗️
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА
Өздеріңізге белгілі, биылғы жылдың 1-мамырынан бастап мектеп оқушылары қоғамдық көліктерде тегін жүре бастады. Ендігі кезекте, оқушылар көлік карталарын алып жүруі міндетті.
Осыған орай бүгінде Абай, Қаратау және Тұран аудандары әкімдіктерінде көлік карталары сатылуда. Карта бағасы - 550 теңге. Тегін жүретін қала тұрғындары карталарын 10 минутта жасатып ала алады.
1. Жеке куәлік түпнұсқасы.
2. Шымкент қаласының жергiлiктi атқарушы органының мөрi басылған жәрдемақыны алғанын растайтын құжаттың көшiрмесi (түпнұсқа жеке басын куәландыру үшiн ұсынылады).
3. 1 дана 3х4 көлеміндегі фотосурет
4. Өтініш берушінің жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісім беруі талап етіледі.
- Тұран ауданы әкімдігі, Байтұлы Баба көш. №12а.
- Абай ауданы әкімдігі, Тәуке хан даңғылы № 3.
- Қаратау ауданының әкімдігі, Бәйдібек би даңғылы № 60.

