28
ноябрь
2023
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
Отбасы – бақыт бесігі
Ата-аналар өмірінің жобасы – бақытты адам
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 28.11.2023ж күні "Отбасы – бақыт бесігі
Ата-аналар өмірінің жобасы – бақытты адам" тақырыбында 3"Ә" сынып жетекшісі Н. Толыбек ата-аналармен тренинг- сабақ өткізіді. Сабақтың мақсаты: ата-аналардың баланың бақытты өмірінің негізі ретінде оның әл-ауқатын қамтамасыз етуге дайындығын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының жас және әлеуметтік ерекшеліктері туралы түсініктерді тереңдету.
2. Отбасында қолайлы климат құру дағдыларын дамыту.
3. Баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті сезіндіру. Ұлттық құндылықтар мен тұлғалық қасиеттер
Позитивті қарым-қатынас, тәрбие, шығармашылық, ұрпақтар сабақтастығы, денсаулық, достық, сүйіспеншілік.
Еңбекқорлық, жауапкершілік, қызығушылық, ашықтық, мейірімділік, өзіне деген талапшылдық, позитивті көңіл-күй.
