14
октябрь
2023
“Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы” ашылды.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мектеп пен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету, сонымен қатар позитивті ата-ана мәдениетін дамыту арқылы қазақстандық балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту мақсатында “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы” ашылды.
Осы бағытта Орталықтың қызметін ұйымдастыру, жүйелі жұмыс жүргізу үшін "Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты" ҚеАҚ Ғылыми- әдістемелік Кеңесінің 2023 жылғы 15 тамыздағы №4 хаттамасымен бекітілген "Орта білім беру ұйымдарында балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша әдістемелік ұстанымдар" мен "Білім беру ұйымдарында ата- аналарды педагогикалық қолдау бойынша нұсқаулықты" басшылыққа алып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жаштаева Жанар Сапаровна мектептің ата-аналар комитеті мен әр сыныптың ата-аналар комитеті төрағаларын Орталықтың ашылуы жөніндегі бұйрықпен және ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасымен таныстырды.



