14
октябрь
2023
Бала өкілдігі сайланды
"Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі балалар өкілдіктерінің жұмысы бойынша Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының 2020 жылғы 25-тамыздағы №57н бұйрығына өзгерістер енгізді. Осы бұйрық негізінде Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде Бала өкілдігі құрылып, бұйрық шығарылды. Бала өкілдігі болып Серікбай Аяна Асылбекқызы сайланды.
Балалар өкілдіктерін құрудың негізгі мақсаттары:
1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
2) балалардың қоғам мен мемлекет өміріне қатысуының өзекті проблемаларын шешуге жәрдемдесу;
3) балалардың, қоғамның және мемлекеттің игілігі үшін балалардың әлеуметтік бастамаларын және балалардың қоғамдық бірлестіктерін қолдау.
4. Негізгі міндеттер:
1) балалар мүддесінде мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу;
2) балалар бірлестігін, балалардың әлеуметтік бастамаларын және балалардың, қоғам мен мемлекеттің игілігі үшін жобалық қызметті мемлекеттік қолдау бойынша бастамалар енгізу;
3) балалардың өзекті мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға балалардың ғылыми және шығармашылық әлеуетін тарту;
4) «Мәңгілік ел» ұлттық идеясына сәйкес балалар ортасында жоғары адамгершілік-рухани және құқықтық мәдениетті, патриоттық сезімді, азаматтық жетілуді және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру.
