ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОРТЫРЫСЫ » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОРТЫРЫСЫ
05
апрель
2023
0

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОРТЫРЫСЫ

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОРТЫРЫСЫ
Күн тәртібінде:
1. 1-сыныпқа оқушыларды  қабылдау туралы.
2. Мектепте мектепалды дайындық тобын оқыту туралы
Қаралды:
   1. 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау бойынша жауапты директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Сапарова Қамқоршылық кеңес мүшелеріне мәлімдеме жасады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №564 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 5 тамызындағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығына және Шымкент қаласы білім басқармасының 15.03.2023 жылғы №117 н/қ бұйрығына сәйкес 27.03.2023 ж. №51 мектепішілік бұйрық шығарылды. 2023-2024 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау жұмыстарына қатысты үйлестіру жұмыстары ұйымдастырылып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды 1-сыныпқа электронды форматта «E-gov» веб-порталы арқылы қабылдау жұмыстары 2023 жылдың 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында жүргізілетінін және 4 сыныпқа (3 қазақ, 1 орыс тілінде оқытатын) 80 баланы қамту жоспарланып отырғанын айтты.
   2. Мектепте мектепалды дайындық тобын оқыту туралы мектеп директоры А.Б.Касжанов сөз сөйледі. Ол: Шаңырақ мөлтекауданында 5 жастағы бала саны 40-қа жуық және мектебіміз 600 орындық болғандықтан 2 МАД тобын ашуға толықтай мүмкіндігіміз бар. Сондықтан мектепте мектепалды дайындық топтарына балаларды қабылдай береміз,-деп мәлімдеме жасады.
  Осы айтылған мәселелер бойынша қамқоршылық кеңесінің төрағасы А.Б.Кундакбаев сөз сөйлеп, ауылдағы мектеп жасына жеткен балалар толықтай қамтылғаны дұрыс және балабақшаға бере алмай үйде отырған 5 жастағы балаларды мектепте мектепалды дайындық топтарында оқыту керек екенін айтып, өз пікірін білдірді. Қамқоршылық кеңес мүшелері түгел келісім білдірді.




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив