12
сентябрь
2023
"Мектеп Президенттігіне" " сайлау
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде "Мектеп Президенттігіне" сайлау 12.09.2023 жыл күні өтті. Үміткерлердің сайлау алды үгіт-насихатымен танысып, өз таңдауларын жасады. Әрқайсының дауыстары үміткерлер үшін маңызды екенін ескере отырып, 7-11 сынып оқушылары дауыс беруге қатысып, сайлауға өз үлестерін қосты.
"МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ" үміткер ретінде түскен 4 оқушымыздың жинаған дауысы төмендегідей:
1. Байтемір Жасұлан Сакенұлы - 54%
2. Пернебек Інжу Алмасқызы - 21%
3. Бақтибай Айғаным - 16%
4. Жамбылқызы Аружан - 9%
Сайлау нәтижесі бойынша "Мектеп Президенті" болып 10-сынып оқушысы Байтемір Жасұлан Сакенұлы сайланды.




