26
май
2026
“Орта Азиялық Жоғары Медецинақ колледжіне” экскурсия ұйымдастырылды.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№134 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің 2026 жылғы «25» мамырдағы «2026 жылдың мeктeп жанындағы жазғы демалыс кезеңінде балалардың демалысын, бос уақытын тиімді пайдалану және жұмыспен айналысуын ұйымдастыру туралы» бұйрығының 6-тармағын орындау мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айында мектебіміздің 7-8 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру мақсатында “Орта Азиялық Жоғары Медецинақ колледжіне” экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия аясында 7-8 сынып оқушылары Шымкент қаласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының (колледждердің) базасында арнайы ұйымдастырылған «PROFSTAR» жобасына қатысып, танымдық экскурсия жасады. Кәсіби бағдар беру бағытындағы бұл экскурсия оқушылардың болашақ мамандықты дұрыс таңдауына, еңбек нарығындағы сұранысқа ие техникалық және жұмысшы мамандықтарымен жақыннан танысуына мүмкіндік берді.
Экскурсия барысында оқушылар колледждердің заманауи шеберханаларын, зертханаларын аралап, түрлі мамандықтар бойынша өткізілген қысқаша шеберлік сыныптарына (мастер-кластарға) қатысты. Студенттер мен оқытушылар құрамы мектеп оқушыларына мамандық құпиялары мен білім алудың артықшылықтары туралы қызықты ақпараттар берді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына толықтай жауап алды.
Қорытындылай келе, 7-8 сынып оқушыларына арналған бұл кәсіби бағдар беру экскурсиясы өте сәтті және нәтижелі өтті. Оқушылар үлкен әсер алып, болашақ кәсіби бағдарларын айқындауға зор ынта білдірді. Іс-шара барысы және фото-есептер мектептің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланды.
Жауапты маман: Кәсіби бағдар педагогы: Адилбекова Н.М



