АТА- АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АТА- АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
20
сентябрь
2025
0

АТА- АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

АТА- АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде 19.09.2025 ж күні  «Мектеп пен отбасы:  адал әрі жауапты азаматты тәрбиелеудегі өзара ынтымақтастық» тақырыбында мектеп ата - аналар комитетінің  І отырысы болып өтті. 
Жиналыстың мақсаты: «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын бірлесіп іске асыратын жағымды орта қалыптастыру.
Жиналысқа қатысқандар: мектеп әкімшілігі,1-11 сынып ата-аналар комитетінің төрағалары, 1-11 сынып жетекшілері, пән мұғалімдері.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Мектеп пен ата-аналар комитетінің ынтымақтастығын арттырудың жолдары туралы.  «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының мақсаты.  Мектеп директоры А. Б. Касжанов
2. Мектеп ата-аналар комитетінің қызметін үйлестірудің ерекшеліктері туралы. «Мектеп пен ата-ананың адал азамат тәрбиесіндегі ынтымақтастығы: жүйелі тәрбие жұмыстары». ДТЖЖО А. Ә. Елубаев 
3.  2024-2025 оқу жылында атқарылған жұмыстарының жылдық  есебі  ДОЖЖО Ф.К.Режаметова  
4.  Мектеп ата-аналар комитетінің төрағасы мен алқасын сайлау,бекіту.
5. Әртүрлі мәселелер 
Мектеп директоры А.Б.Касжанов : Жаңа оқу жылындағы «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы – әділетті, жауапкершілікті, еңбекқор және отаншыл ұрпақ тәрбиелеудің негізі.Баланың адал азамат болып өсуі үшін мектеппен бірге отбасы мен қоғамның белсенді қатысуы қажет, өйткені бала – тек отбасының ғана емес, мемлекетіміздің болашағы. Ата-аналар комитетін трансформациялау. Биылдан бастап комитет жұмысы трансформацияланып, ата-аналар тек көмекші емес, мектеп өмірінің белсенді бастамашысына айналады.
Мектеп ата аналар комитетінің төрағасын сайлау бойынша ата- аналар тарапынан бірнеше ұсыныстар түсті. Көпшілік дауысқа салынып, нәтижесінде    Кошаева Тамара Ергешбаевна мектеп  ата- аналар комитетінің төрайымы болып сайланды. Тамара  апайға алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Жиналыс соңында мектеп директоры ата- аналардың  сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын  тыңдады. 
Ата- аналар 2025-2026 жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, мектебіміздің жетістіктері көп болып, оқушыларымыз биіктерден көріне берсін деп өз тілектерін білдірді.


















Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив