07
апрель
2026
«МЕН ТАҢДАҒАН ЖОЛ» АТТЫ АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ
«МЕН ТАҢДАҒАН ЖОЛ» АТТЫ АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің хатына сәйкес, 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№134 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Мен таңдаған жол» тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырылды.
Іс-шараға 8–11 сынып оқушылары қатысып, салауатты өмір салтының маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат алды.
Ашық сабақтың негізгі мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене белсенділігін арттыру және әрбір жасөспірімнің өз денсаулығына деген жеке жауапкершілігін нығайту. Қатысушылар денсаулықтың маңыздылығы, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу және белсенді өмір салтын ұстанудың артықшылықтары туралы кеңінен әңгімеледі.
Мұндай форматтағы кездесулер жас ұрпақтың өмірлік ұстанымын дұрыс қалыптастыруға үлкен ықпал етеді.



