12
август
2025
Бүгін Мемлекет басшысы алғаш рет Ақорда төрінде әлемнің ең беделді пәндік олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қабылдады.
Бүгін Мемлекет басшысы алғаш рет Ақорда төрінде әлемнің ең беделді пәндік олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қабылдады.
Мемлекет басшысы халықаралық жарыстарда топ жарып, алтын, күміс және қола медаль иеленген жастарға 1500, 1000 және 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қаржылай сыйақы сертификаттарын салтанатты түрде табыстады.
Жас өрендеріміздің әрбір жеңісі – жаңа белестерге бастар қадам, білім беру жүйесінің дамуына қосылған үлес. Оқушыларымызға асқақ арман, білім шыңын бағындыру жолында зор жеңістер тілейміз.
