23
май
2025
“Мың алғыс саған, мектебім!” атты мерекелік іс-шара
“Мың алғыс саған, мектебім!” атты мерекелік іс-шара
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде 23.05.2025ж күні “Мың алғыс саған, мектебім!” атты мерекелік іс-шара болып өтті.
Бұл – қимастыққа толы қоштасу сәті. 33 түлек алтын ұясымен, ыстық партасымен, аяулы ұстаздарымен және балалық балдәуренімен қоштасты.
Мектеп алаңы түрлі-түсті жалаушалармен, «Мың алғыс саған, мектебім!» тақырыбымен безеніп, мерекенің сәнін келтірді. Қонақтар, ұстаздар, ата-аналар – бәрі бір сәтке уақытты тоқтатқандай, балалықпен қоштасқан ұл-қыздардың соңғы қоңырауын көздеріне жас алып қарсы алды.



Оқу жылын аяқтау салтанатты жиынында 2024-2025 оқу жылын үздік аяқтаған оқушылар мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту миниістірінің ұйымдастырумен Республика деңгейінде 1-4 сыныптар «Таза Қазақстан», 5-9 сыныптар «Заң және тәртіп», 10-11 сыныптар «Адал Азамат» тақырыптарында эссе жазу жұмыстарын жазып, ең үздік деп танылған эссе жұмыстары жеңімпаздары марапатталды.

Ал біз әр түлегімізге жарқын болашақ, ақ жол, биік арман тілейміз!



