23
октябрь
2024
"МЕНІҢ АТАУЛЫ АҒАШЫМ" ЭКОЛГИЯЛЫҚ АҒАШ ЕГУ АКЦИЯСЫ
"МЕНІҢ АТАУЛЫ АҒАШЫМ" ЭКОЛГИЯЛЫҚ АҒАШ ЕГУ АКЦИЯСЫ
Шымкент қаласы білім басқармасының қолдауымен "Экология, өлкетану және туризм орталығы" КММ ұйымдастыруымен 25-қазан Республика күніне орай, жалпы республикалық "Таза Қазақстан" акциясы аясында, "Жер елшілері" креативті жастардың бүкілқазақстандық экологиялық қозғалысы" және республикалық "Жасыл клуб" жобасын іске асыру мақсатында N134 жалпы орта білім беретін мектебінде "Менің атаулы ағашым" экологиялық ағаш егу акциясы аясында іс-шара ұйымдастырылды.
"Менің атаулы ағашым" экологиялық ағаш егу акциясын ашу үшін сөз кезегін "Экология, өлкетану және туризм орталығы" КММ директоры Улжан Жайлауовна Қамытбековаға және N134 жалпы орта білім беретін мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абай Амзеевич Елубаевқа берілді.
"Шымкент қаласының туризм және сыртқа байланыстар басқармасының "Visit Shymkent" туристік ақпараттық орталығының It менеджері Бақаев Айбек Мұсатайұлы табиғатты көркейту мақсатында сөз сөйледі.
Мектебіміздің оқушылары мың бұрала би-билеп, өлең айтып, өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар мектеп ауласына ағаш егіп, көгалдандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты.
Табиғатты қажетімізге мейлінше пайдалану мен бірге оны таза, көркем етіп сақтап қалу, бүгінгі ұрпақтың, біздің міндетіміз.







