16
январь
2025
ҰЛДАР ЖИНАЛЫСЫ
ҰЛДАР ЖИНАЛЫСЫ
№134 жалпы білім беретін мектебінде 14-қаңтар күні «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық , зорлық-зомбылықтың, топтық төбелес, әлімжеттіктің алдын алу» тақырыбында ұлдар жиналысы өтті. Жиналысқа 7-11 сыныптардың ұл балалары қатыстырылды. Жиналысқа мектеп директоры А. Б. Касжанов, ДТЖЖО А.А. Елубаев, Ж. С. Жаштаева қатысты. Жиналыс барысында мектеп директоры А. Б. Касжанов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А. Елубаев профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
1. Буллинг туралы түсініктеме жүргізу;
2. Ер балалар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу;
3. Ішкі тәртіп ережелері.
Сондай-ақ білім алушыларға мектеп формасын, жол ережесін сақтау, зиянды заттардан аулақ болу, бөтеннің мүлкіне қол сұқпау, қылмыс пен құқық бұзушылық фактілерінің түбі, заң аясында жауапкершілікке тартылатындығы туралы мәліметтер кеңінен айтылып өтілді.


