«АТЫ ӘЛЕМГЕ МӘШҺҮР ЖАЗУШЫ» ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИНГЕ-110 ЖЫЛ. » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «АТЫ ӘЛЕМГЕ МӘШҺҮР ЖАЗУШЫ» ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИНГЕ-110 ЖЫЛ.
16
январь
2025
0

«АТЫ ӘЛЕМГЕ МӘШҺҮР ЖАЗУШЫ» ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИНГЕ-110 ЖЫЛ.

«АТЫ ӘЛЕМГЕ МӘШҺҮР ЖАЗУШЫ» 
ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИНГЕ-110 ЖЫЛ. 

№134 ЖОББМ «Оқуға құштар мектеп» жобасы «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында мектеп кітапханасында Ілияс Есенберлиннің туғанына -110 жыл толуына орай «Аты әлемге мәшһүр жазушы» И.Есенберлинге-110 жыл кітап көрмесі ұйымдастырылып, бейнеролик ұсынады.
Мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының дара тұлғасы, ұлы жазушы Ілияс Есенберлиннің бай шығармашылығымен таныстыру, кітап оқуға баулу.
Әйгілі жазушы І.Есенберлин 1915 жылдың 10 қаңтарында қазіргі Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келген. Жазушының балалық шағы аштық жалмаған зұлмат заманға тап келіп, 5 жасында тұл жетім қалды. Бала Ілияс балалар үйіне тапсырылды. Шығармашылыққа бір табан жақын өскен ол қабырға газетіне өлең жазып тұрды. Мектепті тәмамдаған соң, Қызылорда қаласына барып, интернат мұғалімі болып жұмысқа орналасты. Кейін Қарсақпайдағы аудандық атқару комитетінде жұмыс істеді. Жұмыс істей жүріп, Алматыдағы Қазақ тау - кен институтына түсті. Талантты да талапты жігіт тез көзге түсіп, 1937жылы Қазақстан КСР - ның бірінші Конституциясын қабылдаған Қазақстан Кеңестерінің алғашқы Төтенше съездіне делегат болып сайланды.
Бес поэма,төрт пьеса,үш киносценарий,он алты роман жазған қаламгердің берекелі таланты – қазақ халқы өмірінің ғасырлар панорамасын көрсетіп берді. Көпғасырлық тарих, ұлттық зиялы қауымның қалыптасу кезеңіндегі трагедиялар, колхоздастыру дәуірінің шындығы.
Ұлы Отан соғысына қазақтардың қатысы, тың игеру жылдарының хикаясы, Маңғыстау майданы, геологтар, мүсіншілер, артистер, жазушылар тағдыры – Ілияс Есенберлиннің романдар сериясындағы өзекті тақырыптар.
Халқының тарихи санасын оятқан жазушы, қазақты тарихымен қауыштырған қаламгер,  шығармалары арқылы қазақтың көшпелі мәдениетін әлемге танытқан, қазақ халқының сан ғасырғы тарихын көркем тілмен бейнелеп, қазақ елінің әдебиеті мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан үздік қаламгергердің шығармаларын оқуға ұсынамыз. 
Шығармалары:  «Қатерлі өткел», «Ғашықтар», «Қаһар»,  «Алмас қылыш», «Алтын құс»,  
«Жанталас», «Көшпенділер» трилогиясы, «Махаббат мейрамы», «Аққу құстың қуанышы» т.б.


 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив