«Бейімбет Майлиннің туғанына -130 жыл» кітап көрмесі. » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бейімбет Майлиннің туғанына -130 жыл» кітап көрмесі.
29
ноябрь
2024
0

«Бейімбет Майлиннің туғанына -130 жыл» кітап көрмесі.

«Бейімбет Майлиннің туғанына -130 жыл» кітап көрмесі.
 №134 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында Бейімбет Майлиннің туғанына -130 жыл толуына орай  «Шұғаның белгісі» тақырыбында  кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Бейімбет Майлин туралы білімдерін тереңдету, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Дарынды жазушы, ақын, қазақ әдебиетіне үлкен үлесін қосқан Бейімбет Майлиннің туғанына биыл- 130 жыл толады. Үш бәйтеректің бірі Бейімбет Майлин аз ғана ғұмырдың ішінде қазақ әдебиетін жаңа деңгейге көтерді.
Оның шығармалары жолы жарқын оқиғалар, терең әлеуметтік идеялар және әлі күнге дейін оқырмандар мен зерттеушілерді шабыттандыратын мәңгілік шындыққа толы.
Бейімбет Майлин поэзия, проза мен драма саласында бірдей өнімді еңбек етті. 
20-шы ғасырдағы қазақ әдебиетін қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосып, биік белеске шығарған аса көрнекті суреткер жазушы, ақын әрі драматург Бейімбет Майлиннің туындылары  сөз өнерінің алтын қорына жататын бірегей дарын иесі.
Бейімбет Майлин – тек жазушы ғана емес, әдебиеттегі шындық, әділдік, адамгершілік үшін күрестің символы. 
Б.Майлиннің еңбектерін жас буынға даналық, өнеге ретінде ұлықтап жүрейік!



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив