Жас Қыран
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған "Жас Қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына 2-сынып оқушыларын қабылдау рәсімі болып өтті. "Жас Қыран" ұйымының әрбір мүшесі қоғамдық өмірде, тұрмыста ата-анасын шынайы сыйлап, Туған елін шексіз сүюі қажет. Оқуда, еңбекте өжет те қайсар, әрқашанда шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.