" ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ" ЖОБАСЫ МЕКТЕПІШІЛІК ТУРНИР » « №134 жалпы орта мектеп»
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№134 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-49-98
Есепші бөлімі:
+7(7252) 27-49-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » " ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ" ЖОБАСЫ МЕКТЕПІШІЛІК ТУРНИР
01
февраль
2025
0

" ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ" ЖОБАСЫ МЕКТЕПІШІЛІК ТУРНИР

" ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ" ЖОБАСЫ 
          МЕКТЕПІШІЛІК ТУРНИР
    🌟N134 жалпы орта білім беретін мектепте мектепшілік пікірсайыс турнирінің финалы өтті. “Ұшқыр ой алаңы” жобасы аясында  7-8-9 сынып оқушылары арасында өткен мектепшілік пікірсайыс турнирінің финалдық кезеңі өтті. Ақтық сайыста жас пікірсайысшылар өздерінің озық ойлары мен шешендік қабілеттерін көрсетіп, үздік фракциялар анықталды.
     🌟Финалда қатысушылар “134-мектептің дамуына арналған жобалар” қарары бойынша пікірталас жүргізді. Ойыншылар білім ордасын жаңғыртуға бағытталған тың идеялар ұсынды. Атап айтқанда:
 • “Стартап-инкубатор” – оқушылардың инновациялық жобаларын дамыту алаңы,
 • Жаратылыстану бағытындағы пәндерге арналған практикалық сабақтар мен зертханаларды жаңарту,
 • Цифрлық мектеп – болашақтың технологияларын білім беру жүйесіне енгізу.
Бұл ұсыныстар қызу талқыланып, ойыншылардың жан-жақты ойлау қабілеті мен шешендік өнері жоғары бағаланды.
Турнир жеңімпаздары:
🥇 І орын – “Тұран” фракциясы
 • Көшкінбай Ақсезім
 • Тұрсын Елдос
🥈 ІІ орын – “Логос” фракциясы
 • Хасан Ұлжан
 • Бижанова Әдемі
🥉 ІІІ орын – “Жас Аяу” фракциясы
 • Еламан Жасмин
 • Бегалы Аяулым
🏅 “Үздік талпыныс” номинациясы
 • Әлжан Аружан
 • Құнанбай Кәусар
⚖ “Үздік төреші” номинациясы
 • Абдумәлік Нұрсұлтан
  🌟Бұл турнир оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытуға, қоғамдық мәселелерге белсенді көзқарас қалыптастыруға және көшбасшылық дағдыларын жетілдіруге зор ықпал етті. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
🌟Турнирдің жоғары деңгейде өтуіне қолдау білдіріп, атсалысқан жетекшілеріміз бен мектеп басшылығына ерекше алғысымызды білдіреміз. Сіздердің қолдауларыңыз бен еңбектеріңіздің арқасында оқушылар өз қабілеттерін дамытып, білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алды. Осындай маңызды бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз!





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив