25
ноябрь
2021
Жұлдызды 30 күн
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Жұлдызды 30 күн" іс-шарасы жоспары негізінде "Ардагерлер - даналық пен даңқтың үлгісі" тақырыбында ардагер ұстаздармен кездесу болып өтті. Кездесудің мақсаты: мектеп тарихымен, зейнеткер ұстаздардың еңбектерімен таныстыра отырып, олар туралы мол мағлұмат беру. Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету. Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.