26
январь
2026
Досан Назгүл Шертайқызы 1"Ә" сыныппен математика пәнінен "Есептер шығару" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
26-қаңтар күні Бастауыш сыныптар онкүндігінің жоспарына сәйкес 1 "Ә"сынып жетекшісі Досан Назгүл Шертайқызы 1"Ә" сыныппен математика пәнінен "Есептер шығару" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты:
-Оқушыларға санды бірнеше бірлікте арттыру,кеміту,айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару,кері есептер құрастыру және шығару.
- Мұғалімнің қолдауымен мәттіннің, сюжеттік суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру;
-Топта жұмыс істеу, бірін-бірі тыңдау мәдениетін қалыптастыру;
-Оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтиже:
-Оқушылар өз білімдерін түрлі тапсырмалар арқылы көрсете алады;
-Шапшаңдық, тапқырлық, ұйымшылдық қабілеттері дамиды.
Ашық сабақ барысында оқушылар әр түрлі қызықты тапсырмалар орындады. Көрнекіліктер оқушылардың жас ерекшелігіне сай дайындалды. Балалар сабаққа белсенді қатыса білді.
