11
март
2024
"МАТЕМАТИКА ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ПАТШАСЫ"
"МАТЕМАТИКА ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ПАТШАСЫ"
Қаңтар айының 15.01 – 26.01.2024 күні аралығында «Математика ғылымдардың патшасы» тақырыбында математика пән апталығы өткізілді. Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өтті. Ашық сабақтар, интеллектуалды сайыстар, кештер өз деңгейінде өтті. Осы жылы бірлестікпен жоспарланған ашық сабақтар мен мектепішілік сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстырылып, көрме ұйымдастырылып ашылды. Апта бойы атқарылатын жұмыстар әр сыныпқа бөлініп берілді. Жоспар бойынша математика пәнінен ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар өткізілу жоспарланды.
15.01.2024 ж. күні мектебіміздің 2023 жылы бітірген, мемлекеттік грант ұтып алған оқушылармен «Жаңа технологияларды меңгеруде, математиканың рөлі» тақырыбында кездесу өткізілді. Бұған 9 сынып оқушылары қатыстырылды.
16.01.2024 ж «Математикалық ойындарды мұғалімдермен бөлісу» тақырыбында математика пәні мұғалімі Мамутова Гаухар сабақ өткізді. Бұл сабақта әдіс- тәсілдер, жаңа технологияларды сабақта дұрыс қолдану бойынша тәжірібе алмастырылды.
17.01.2024 ж 6-«Б» сынып оқушыларымен Ташметова Дилноза «Математикалық ринг» атты интелектуалдық сайыс өткізді. Бұл сайыста мектеп мұғалімдері дайындаған, математикамен байланыстырылған сұрақтар қою арқылы, математиканың пәнаралық байланысын көрсету болды.
18.01.2024 ж күні математика пәнінен Исабекова Роза « Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары» деген тақырыпта 8 «Ә» сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақ қазіргі заман талабына сай интерактивті тақтаны қолданумен өткізілді, сабақта көптеген есептер шығарылып, өмірмен байланысты есептер шығарылды, оқушыларға көптеген түсініктер берді. Сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді мұғалім тиімді қолданды. Сабаққа бірлестік мұғалімдері қатысып талдау жасады. Сабақта толық жоспар жүзеге асырылып, мақсатына жетті, қатысушы ұстаздардың көңілінен шықты.
22.01.2024 ж күні 7-8-9 сыныптар арасында мектепшілік АЛТЫН САҚА олимпиадасы болып өтті. Олимпиадаға жалпы 12 оқушы қатыстырылды. Сол оқушылардың ішінен 6 оқушы келесі кезеңге өтті.
22.01.2024 ж күні Ташметова Дилноза 5 «Ә» сынып оқушыларымен «Ондық бөлшектерді оқу және жазу» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді мұғалім тиімді қолданды. Сабаққа мектеп басшылықтары бірлестік мұғалімдері және пән мұғалімдері қатысып талдау жасады. Сабақта толық жоспар жүзеге асырылып, мақсатына жетті, қатысушы ұстаздардың көңілінен шықты.
25.01.2024 ж күні Мамутова Гаухар 9-«Ә» сыныбында «Тригонометриялық функциялар және олардың қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді мұғалім тиімді қолданды. Сабаққа мектеп басшылықтары бірлестік мұғалімдері және пән мұғалімдері қатысып талдау жасады. Сабақта толық жоспар жүзеге асырылып, мақсатына жетті, қатысушы ұстаздардың көңілінен шықты.
26.01.2024 ж күні «ТОҒЫЗ АЙҒА - 9 ІС - ШАРА » жобасы бойынша «ҚАЗАҚ ЕСЕБІ» челенджі – білім беру ұйымдарында бір уақытта Асқар Жұмаділдаевтің ұсынған есептерін шығару бойынша 9 сыныптар арасында ұйымдастырылды. Челлендж мақсаты – оқушыларды креативті және сыни ойлауын дамытуға ықпал ету, білім алушылардың математикалық және логикалық есептерді шығаруға деген қызығушылықтарын арттыру. Математика пән мұғалімдері есептерді оқушылармен бірге талдап, есептер кең ауқымда талқыланып шығарылды.
Апталықтың қорытындысы жасалынып, белсенділік танытқан оқушылар мен сыныптар марапатталды.
и ещё 4