05
декабрь
2025
Пәндер апталығы бірлік пен шығармашылық атмосферада өткізіліп, жоғары деңгейде қорытындыланды.
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №134 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025–2026 оқу жылының оқу-тәрбие жоспарына сәйкес «Цифрлы дәуір – ғылыми ізденіске жаңа тыныс» атты физика және информатика пәндер апталығы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, бір апта көлемінде түрлі танымдық, шығармашылық және тәжірибелік іс-шаралар өткізілді.Апталық барысында пән мұғалімдері оқу үрдісін түрлендіретін ашық сабақтар, викториналар, сайыстар, зертханалық тәжірибелер, көрме және практикалық жұмыстар ұйымдастырды. Апталық өз мақсатына жетті. Ғылыми ізденіс пен тәжірибеге негізделген жұмыстар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, болашақта зерттеушілік бағытқа бет бұруына ықпал етті. Пәндер апталығы бірлік пен шығармашылық атмосферада өткізіліп, жоғары деңгейде қорытындыланды.



